+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды

2018 жылғы 4 шілде 16:30
Бөлісіңіз:
Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда екі күн бойы іздестірілген 6 жасар Андрей Дорошенконың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттен хабарлағандай, бала 2 шілде күні Т. Мұхамедрахмов көшесіндегі үйдің ауласынан жоғалып кеткен.

«Баланың қайда екенін анықтау үшін жедел-іздестіру тобы құрылды. Ол топтың құрамына полиция қызметкерлері, әскери жәен ТЖ қызметшілері енген еді. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды. Айта кетерлігі, ол бала бұдан бұрын да үйінен шығып кетіп жүрген», - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүгін бала тұрған аумақтан алыс емес жерде - Есіл өзенінің жағасында баланың өлі денесі табылған. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді.

Айта кетсек, бұған дейін Петропавлда 6 жасар бала хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT