USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Петропавлда итін жоғары қабаттан лақтырып өлтірген әйел айыппұл төлейтін болды

2020 жылғы 2 маусым 17:40
Бөлісіңіз:
Петропавлда итін жоғары қабаттан лақтырып өлтірген әйел айыппұл төлейтін болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда итін төртінші қабаттан лақтырған әйел айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуір күні Петропавлдың 45 жастағы тұрғыны итін төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Әйелдің сорақы қылығын көрген көршілері бірден полицейлерге хабарлаған.

Тәртіп сақшылары Хименко көшесіндегі көпқабатты үйдің жанында жатқан итті ветеринарларға жеткізгенімен, спаниельдің өміріне араша түсу мүмкін болмады.

«Жануарларға қиянат жасау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Иттің иесі – әйел сол күні мас болған. 1 маусым күні Петропавл қалалық соты оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Бұл - шамамен 27 мың теңге. Айыппұлды бір айдың ішінде төлемеген жағдайда әйел қоғамдық жұмыстарға жегіледі немесе қамауға алынады», - деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT