Петропавлда героин сатумен айналысқан әйел ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда героин өткізу нүктесіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қзақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін бұрын сотты болған жергілікті әйелді ұстады.
«Ол оқшауланған өмір салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кетпек болды. Үйіне тінту жүргізу барысында 300 граммға жуық героин табылып алынды» делінген хабарламада.
Ұсталған әйел тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша мүлкін тәркілеп, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Аса ірі мөлшерде алынған героин 3,5 млн теңгеге бағаланып отыр.
- ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
- ШҚО полицейлері жоғалған 19 жылқыны иесіне қайтарды
- Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды
- Алматы облысында 10 күнде браконьерліктің 159 фактісі тіркелді
-
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
-
Жамбыл облысында қызметтік ит 38 жастағы әйелдің сарайынан есірткі тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам