Петропавлда газ тасымалдайтын көлік соқтығысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл дамбасында «Shacman» және «Renault» маркалы екі ауыр жүк тасығыш көлік соқтығысты. Олардың бірі газ тасымалдап келе жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі апаттың таңғы сағат 10-дарда болғанын нақтылады.

«Соқтығысқаннан кейін екі көлік те тоғанның оператор бекетінің ғимаратына жеткізілді. Қазіргі таңда оқиға орнында «Горгаз» мамандары мен техникалары жұмыс істеп жатыр. Газдың таралу қаупі жоқ. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қауіпсіздік шаралары қолданылуда», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Оқиғадан зардап шеккен көлік жүргізушілері ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар