+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Петропавлда фармацевтика зауытының құрылысы жоспарланған

2020 жылғы 21 қыркүйек 19:54
Бөлісіңіз:
Петропавлда фармацевтика зауытының құрылысы жоспарланған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда фармацевтикалық зауыт салынбақ. Ресейлік инвесторлармен өткен кездесу нәтижесін беріп, екі тарап бірлескен іс-әрекеттің нақты жоспарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығметов бұл жайында әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.

«Уәдемде тұрып, жазып отырмын. Омбы қаласына іссапардың кей жай-жапсарына тоқталсам. Сапардың негізгі мақсаты – облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасы бойынша Петропавлдағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында фармацевтикалық зауыттың құрылысын бастау үшін ресейлік инвесторлармен қосымша келіссөз жүргізу. Келіссөз сәтті өтті. Инвестор СҚО-ға деген қызығушылығын ресми түрде бекітті. Жобаның экономикасын, қаржыландыру көзін көрсетіп, белгілі шарттарын айтты. Нәтижесінде біз бірлескен іс-әрекеттің нақты жоспарын талқыладық», - деп жазды Ғани Нығметов.

Бұл сапар Қазақстанның РФ елшісі Е.Көшербаевтың Омбы облысына жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген. Ғани Нығметов Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Омбыда Кемел Тоқаевтың құрметіне мемориалды тақтаны ашу салтанатына қатысты.

1945 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі осы қалада орналасқан госпитальде ауыр жарақаттан емделген. Тақтаны ашу бастамасын жергілікті ардагерлер мен қазақ қоғамының өкілдері көтерген.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, солтүстікқазақстандық делегация бірнеше өнірістік нысанды аралаған.

Соның ішінде озон арқылы ауыз қуысы мен тамақ инфекцияларын емдеуге арналған медициналық қондырғылар шығарылатын кәсіпорын да бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT