Петропавлда Есіл тасып жатыр: халықаралық маңыздағы автожолды су басты

None
Фото: pkzsk.info
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзені таси бастады. Бүгін таңертең «Новосібір-Челябі» халықаралық маңызы бар автожолдың 528 км су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, Петропавл маңында Есіл өзенінің су деңгейі бір тәулікте 27 см көтеріліп, 978 см жетті. Қауіпті меже – 1 050 см. Су деңгейі осы көрсеткішке жеткен жағдайда Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін. Қазір су осы кенттің жанынан өтетін халықаралық маңызы бар автомобиль жолын басты.


«16 сәуір күні сағат 6:15-те Есіл өзенінің тасуына байланысты, «Челябі-Новосібір» М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Су басқан учаскенің ұзындығы – 80 метр, ені – 8 метр, биіктігі – 5 см. Бұл учаскені жылда су басады. Көліктердің учаскеден қауіпсіз өтуі үшін бұл жерде белгі бағаналары, айналып өту кестесі қойылды. Кезекшілік ұйымдастырылды», - деді СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, Сергеев су қоймасында су деңгейі төмендеп келеді. Бөгеттің ернеуінен асып төгілу – 92 см. Сондай-ақ, өңірдегі шағын өзендерден де келер қауіп жоқ, суы қайта бастады.


Соңғы жаңалықтар