Петропавлда Есіл өзенінің суы қауіпті деңгейге жақындап келеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл аумағында Есіл өзенінде су қауіпті деңгейге жетуге 40 сантиметрдей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны саябырлайтын емес. Өңірлік «Қазгидромет» филиалы мамандарының айтуынша, Есіл өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 4 см-ге көтеріліп, 1009 см-ге жетті. Ал, су мөлшерінің қауіпті деңгейі - 1050 см.

«Покровка елдімекенінің жанында Есіл өзені бір тәулікте 10 см-ге, Новоникольское маңында 25 см-ге көтерілді. Бұрынғысынша Челябинск-Новосібір автожолының 528-шақырымын және Новоникольское көпірін су басқан. Сергеев гидроторабының су деңгейі 903 см, мөлшері - 819 млн текше метр, бұл - қажетті мөлшерден 126 млн текше метрге артық. Тәулігіне 525 текше метр су жіберіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 сәуірде облыста қар жауады деп күтілуде. Түнде ауа-райы 0-5, кей жерлерде -8 градусқа дейін суытады.

Соңғы жаңалықтар