Петропавлда Есіл өзенінің суы бір тәулікте бір метрге жуық көтерілді

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзенінің суы көтеріліп келеді, өткен тәулікте ол бірден 83 см-ге жоғарылады. Сергеев су қоймасынан су 43 см-ге асып, төгіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен су Петропавлға жетті. «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте облыс орталығының маңындағы Борки кентінде Есіл өзені бірден 83 см-ге көтерілді. Оған Петропавлдағы су бөгетінің қақпақшаларын ашу себеп болған.

Сергеев су қоймасында өткен тәулікте су деңгейі 4 см-ге көтерілген. Қазір бөгеттің ернеуінен 43 см су асып, төгіліп жатыр. Төмен қарай орналасқан Покровка және Новоникольское елді мекендері маңында Есіл өзенінің су деңгейі сәйкесінше 40 см және 51 см көтерілген.

Ал Ресеймен шекаралас Долматово елді мекенінде су деңгейі 6 см-ге көтеріліп, 456 см құрады.


Соңғы жаңалықтар