Петропавлда Есіл өзенінде су деңгейі түсе бастады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл суы қайта бастады. Биыл өзеннің суы қауіпті межеге жетпегенімен, 685 саяжай учаскесін және бірнеше жолды су шайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Петропавл маңында деңгейі бірнеше күн бойы бір межеде тұрған Есіл өзенінің суы қайта бастады.

Өткен тәулікте гидрологиялық бекетте көрсеткіш 4 см өзгерді. Биыл өзеннің тасуы қауіпті меже 1050 см жеткен жоқ, 1016 см дейін ғана көтерілді.

Есіл өзенінің деңгейі Покровка елді мекені маңында 20 см-ге түсті, Новоникольское елді мекені маңында 24 см азайды.

Ал Тоқсан би ауылының маңындағы гидрологиялық бекетте Есіл өзені деңгейінің керісінше 4 см, ал Сергеевка қаласы маңында 16 см, Сергеев су қоймасында 10 см көтерілгені тіркелді.

Гидрологтардың айтуынша, бұған Ақмола облысынан келген су себеп.

Қазіргі уақытта Сергеев бөгенінің ернеуінен асып төгілу деңгейі 75 см. Өзен-көлдер мұздан тазарды.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Челябі-Новосібір» халықаралық маңызы бар автожолының 528 км әлі де суда жатыр.

Сондай-ақ биыл Петропавл маңында орналасқан 685 саяжай учаскесіне су кірді.


Соңғы жаңалықтар