+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Петропавлда ерлі-зайыптылар полицейлерді 7-қабаттан секіреміз деп қорқытқан

2019 жылғы 18 қыркүйек 20:55
Бөлісіңіз:
Петропавлда ерлі-зайыптылар полицейлерді 7-қабаттан секіреміз деп қорқытқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Петропавлда екі адамның кикілжіңі қаланың бүкіл күш құрылымдарының қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы полициясы белгілі әнші түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады Қазақстан ормандары мен дала алқаптарында соңғы екі тәулікте 57 рет өрт шыққан Нұра өзенінің рұқсат етілмеген жерінде шомылмақ болған 20 жастағы жігіт суға батып кетті

«Петропавл қаласының тұрғындарының бірі өзінің питбуль тұқымдас итімен бірге тұмсықторсыз қыдырып жүрген. Оның жанынан өтіп бара жатқан басқа бір азамат әлгі ит иесіне ескерту жасап, ақыры екі адамның арасында төбелес туады. Осыдан кейін 102 нөміріне әлгі азамат ит қапқаны туралы шағым айтып, қоңырау шалған. Онымен қоймай, әлгі иттің иесі ұстасып қалған жігіттің арқасына пышақ салған. Жараланған тұрғын қаланың үшінші ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлайды СҚО полиция департаментінен.


Ақыры адамды пышақтап, итімен көшеде тұмылдырықсыз қыдырған жігіттің үйіне сау етіп, бір топ полиция жетіп барады. Алайда 39 жастағы жігіт есікті ашудан бас тартып, газбен үйді жарып жіберетінін айтып, тәртіп сақшыларын састырған көрінеді.


«Оқиға орнына облыстық және қалалық полицияның, прокуратураның, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жетті. Бүкіл подъезде газ бен электрді өшіру туралы шешім қабылданды. Үй иесімен бірге әйелі де үйде болған. Соңында тіпті екеуі полиция қызметкерлерін 7-қабаттан секіреміз деп қорқытқан. Ер адам полиция қызметкерлерінің көзінше пышақпен өз қолын бірнеше жерден жарақаттады. Полиция өрт сөндіруге арналған баспалдақты қолдануға әрекеттенгенде үй иесі қатты қарсылық танытты», - делінген хабарламада.

Ашуға булыққан жігіт полиция қызметкерлеріне бірде пышақпен, бірде темір затпен тап беріп, құқық қорғаушылардың әбден құтын қашырған. Ақыр соңында арнайы жедел әрекет ету жасағының үш қызметкері үйге терезе арқылы басып кіріп, жігітті тапжылтпады.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT