Петропавлда ер адамның денесі табылды
Мүрде ерте таңда Чайковский көшесінде орналасқан 13-А үйдің маңынан табылған. Бейресми мәліметке қарағанда, ол үйдің жоғарғы қабатынан құлап кеткен болуы керек. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатқанын жеткізді.
«Таңғы 7 шамасында «102» нөміріне ұлты еуропалық белгісіз жас жігіт хабарласып, мүрде жайлы хабарлады. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бабымен тіркелді. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске сала кетейік, 8 наурыз күні Петропавлда студент қыз құрылысы бітпеген ғимараттан құлап, қаза тапқан болатын.
Автор: Олеся Жуковень