+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Петропавлда еліміздің ең үздік әнші-полицейлері анықталды

2019 жылғы 17 қазан 20:51
Бөлісіңіз:
Петропавлда еліміздің ең үздік әнші-полицейлері анықталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай полицейлері Петропавл қаласында өткен «Әр жүректе - туған жер» республикалық арт фестивалінде үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 18 ақын үздік атану үшін айтысуда Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары сыйлығы» байқауы өтіп жатыр Маңғыстаудағы шағын қалашықта кинотеатр ашылады

Тәртіп сақшыларының квартеті патриоттық тақырыпта попурри орындады. Квартет құрамында Қамысты аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкері, полиция сержанты Ерлік Сұрағанов та бар. Ол өзінің әншілік қабілеті туралы айтып берді.

«Мен мектеп қабырғасынан бері ән айта бастадым. Кәсіби әнші болмасам да бұл өнер маған полиция қызметінде пайдалы болды. Қызметке келгенімде Қарағанды қаласында өткен аймақтық конкурсқа қатысу үшін топ құрамына іріктеуден өттім», - дейді Е. Сұрағанов.

Квартеттің басқа қатысушысы – Қостанай ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Аманат Кәкімжанов 2015 жылы ІІМ-де өткен республикалық патриоттық ән байқауына іріктеу үшін облыстық конкурсқа қатысқан. Онда ол «Туған жер» әнін орындап, жеңімпаз атанған болатын. Содан кейін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертте өнер көрсетті. Биыл тағы да облыстық арт фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды.

Оңтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы капитан Ержан Әуезбековтің сөзінше, бұл байқауға еліміздің барлық облыстарынан 20-дан астам команда қатысты. Әуесқой әншілер патриоттық әндерді шырқады.

«Байқау өте ауқымды өтті, біз ең күрделі бағытты таңдадық. Командалық жұмыс пен дирижер Татьяна Ивлева құрған хордың әдемі үйлесімінің арқасында аймақтық және республикалық конкурста бірінші орынға ие болдық. Орыс және қазақ тілдерінде алты әннен попурри ұсындық. Мұнда Абай әндері, Отан туралы патриоттық әндер шырқалды»,-дейді квартет мүшесі, Әулиекөл ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты бөлмшесінің аға инспекторы Динара Шакеева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT