Петропавлда Екібастұздан келген қалта ұрысы ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -Екібастұз қаласынан туыстарына қонаққа келіп, жергілікті жұрттың қалтасын қаққан ұры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «гастрольші» қалта ұрысының жасы 42-де. Ұсталған күдікті әйелдің ұрлау сәтін «От и до» сауда үйіндегі аяқ-киім бөліміндегі бейнебақылау камерасы тіркеген. Сатып алушылардың бірінің сөмкесінің ашық тұрғанын байқаған ұры әмиянды қағып кетіпті. Қаражатының қолды болғанын қала тұрғыны алған аяқ-киімінің ақшасын төлемекші болып кассаға келген кезде ғана байқаған. Осыған ұқсас ұрлықтар өзге екі сауда үйінде де анықталды.

Жедел іс-шара барысында Петропавл полицейлері күдікті туралы мәліметтерді анықтады, оны көрші облыстардың полицейлері де іздестіруде екен. Өзге өңірлерде де қалта ұрлығымен айналысқан әйелді тәртіп сақшылары Жұмысшы кентінде туысының үйінде қонақта отырған сәтінде ұстады. Ол ұрланған ақшаны қайтарды.

Ұрлық фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлімі бойынша тергеу жүргізілуде. Полицейлер тұрғындарды, әсіресе халық көп жиналатын жерлерде сақ болуды ескертеді. Қалта ұрыларынан зардап шекпес үшін сөмкені үнемі бақылауда ұстап, әмияндарды, ұялы телефондар мен басқа да құнды заттарды ұрылардың қолы жетпейтін жерде сақтаған жөн.

Соңғы жаңалықтар