USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Петропавлда автобус бағдаршамда екі адамды қағып кетті

2021 жылғы 8 желтоқсан 16:12
Бөлісіңіз:
Петропавлда автобус бағдаршамда екі адамды қағып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтпей, жолды кесіп өтпек болған екі адамды автобус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ Үндістанда көлік көпірден құлап, жеті студент қаза тапты Германия университетінде студент қарудан оқ жаудыра бастаған

WhatsApp мессенджерінде Петропавлдағы Букетов-Пушкин көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апатының бейнежазбасы тарады. Екі адам бағдаршамның жасыл түсі жануын күтпей жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан оларды қатты жылдамдықпен келіп қалған автобус соқты. Оқыс оқиға көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Жазбадан жол-көлік оқиғасының 3 желтоқсан күні кешкі сағат 19.56-да болғанын көруге болады.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасында екі адам зардап шекті.

«2007 жылы туған қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жарақаты жеңіл болды, сондықтан тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қыздың қасында болған 30-дар шамасындағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ер адамның үш қабырғасы сынған, жабық бас сүйек-миы зақымданған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Гүлнар Қалиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT