Петропавлда екі студент қызды көлік қағып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда өткен демалыс күндері екі студент қызды көлік қағып, соның салдарынан екеуі де дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері көлік жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жолда абай болуға шақырады. Қыс мезгілінің келуіне байланысты жол жағдайы нашарлап, көктайғақ салдары жол-көлік апатына әкелуі мүмкін.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осындай оқиғалардың бірі 23 қараша күні Петропавл қаласында болды. Кешкі сағат 19.00-дар шамасында Н.Назарбаев-Жуков көшелерінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан облыс орталығының 16 жастағы тұрғынын «ВАЗ» көлігі соғып кетті. Зардап шеккен студент қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Енді бір жол апаты 24 қараша күні болған. Потанин көшесінен өтіп бара жатқан 17 жастағы қызды көлік соғып, дене жарақатын алды.
«Ауа-райына байланысты қырағылықты екі есе арттыру керек. Жолдан тек арнайы жаяу жүргінші жолымен өту қажет. Онда да келе жатқан автокөлік тоқтап жол берген жағдайда және қауіпсіз екендігіне көз жеткізгенде ғана өтуге болады», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.
СҚО-да жолдағы өрескел ереже бұзушылықты анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғаларының туындауына көп жағдайда қолайсыз ауа-райы себеп болады екен.
- Мәскеудегі митинг кезінде 40-тан астам полиция қызметкері жараланды
- Мәскеу орталығында 4 мыңдай адам шеруге шықты
- Аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кинг өмірден өтті
- Қостанай облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды
-
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
-
Елордада тіркелген қылмыстардың саны 30 пайызға қысқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам