+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Петропавлда екі мас жүргінші көлік астына түсті

2019 жылғы 11 қазан 02:12
Бөлісіңіз:
Петропавлда екі мас жүргінші көлік астына түсті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда белгіленбеген жерден өтпек болған екі жүргіншіні көлік қағып, екеуі де дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда мас жүргізуші тұрғын үй ауласында тұрған 5 көлікті зақымдады Конгода автобус апатынан 24 адам қаза тапты Қарағандыда аударылған автобуста болған 12 жолаушы зардап шекті

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының 56 жастағы тұрғыны Уәлиханов және Хименко көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жолдан өтіп кетпек болған. Мас әйел келіп қалған көлікті байқамай, астына түсіп, салдарынан дене жарақатын алды. Енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 мыңнан артық теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Сол күні кешкі сағат 20.00-дер шамасында «Лада» автокөлігі Қызылжар ауданының 51 жастағы тұрғынын соқты. Бұл жүргінші де мас күйінде Петропавл қаласындағы Н.Назарбаев көшесін белгіленбеген жерден қиып өтпек болған. Дене жарақатын алған ол ауруханаға жеткізілді.

«Жүргіншілердің көпшілігі жолда жүру тәртібін сақтамайды. Жыл басынан 6 мың адамды белгіленбеген жерден көшені қиып өткені үшін жазаға тарттық. Жол қозғалысының барлық қатысушылары ортақ жауапкершілікті естен шығармаулары керек. Жолда жүру ережелерінде жаяу жүргіншінің де міндеттері көрсетілген. Жолдағы арнайы белгіленген жерден қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана барып өту керек», - дейді СҚО ПД Жерглікті полиция қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Жалпы жыл басынан Петропавлда 49 жүргіншіні көлік қағып, алтауы мерт болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT