Петропавлда екі қызды қағып кеткен күдікті шетел асып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда сот екі бойжеткенді қағып кетті деп күдікке ілінген жүргізушіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпаратынша, 18 қыркүйекте Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу сотына тергеушінің 27 жастағы күдікті Илья Старухинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөнінде қала прокурорымен келісілген өтініші түсті.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыс жасады деген айып тағылуда.

«18 қыркүйекте Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу соты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқарыда жүрген күдіктіге қатысты өтінішті қарады. Өтініш қанағаттандырылып, екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

И. Старухин Петропавл қаласының орталығында түнгі клубтың маңында екі қызды қағып кетті деп күдікке ілінді. Апат 15 қыркүйек күні таңертең болған. Ол оқиға орнынан ізін суытқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін екі бойжеткен де ауруханаға ауыр халде түсті. Олардың бірі комада жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар