Петропавлда екі күнге су беру тоқтатылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 18-19 қыркүйек күндері су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлды сумен қамтитын «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау желіcін дезинфекциялау және жуып-шаю үшін 18-19 қыркүйек күндері су беруді тоқтатпақ. Бұл дәстүрлі профилактикалық жұмыс, осы уақытта құбырдан немесе сырттағы су құдығынан суды алып пайдалануға және тамақ әзірлеуге тыйым салынады.

«Есіл өзенінде жазда су температурасы көтеріліп, су қоймасында микробиология көрсеткіштері өседі, салдарынан судың сапасы нашарлайды. Бұл мәселені шешу үшін біз су құбыры желілерін жуып-шайып, зарарсыздандырамыз. Су беруді сенбі 18 қыркүйек күні сағат 00.00-де тоқтатуды жоспарладық. Ал дезинфекция мен жуып-шаюды сол күні сағат 22.00-де бастаймыз. Сол себепті алдын ала жеткілікті мөлшерде су құйып алуды сұраймыз. Өйткені бұл кезде кранның суын пайдалануға болмайды. Уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймын және оған түсіністікпен қараңыздар», - деп жазды желідегі парақшасында «Қызылжар Су» ЖШС бас директоры Жеңіс Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар