Петропавлда екі күнде бес адамды үсік шалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда екі күнде бес адамды үсік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№3 қалалық аурухананың травматология бөлімінің аға ординаторы Мейрам Оспановтың айтуынша, жыл басынан бері үсік шалған 32 адам осы ауруханаға жүгінген. Соның 13-і қатты үсік шалғандықтан ауруханаға жатқызылды.

«Кеше кешкісін 22 жастағы жігіт келді. Көшеде оның екі құлағы үсіп кеткен. Мас емес, тек көшеде жүріп алған. Үсік шала бастағанын байқап, құлақтарын уқалай бастапты. Үсік шалғанда адам ауруды сезбейтін кездер болады», - дейді М. Оспанов. Дәрігер адамдар тек аяқ-қолын үсік шалып, қарая бастағанда ғана дәрігерге жүгінетінін айтты.

«Ол кезде біз зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіре алмаймыз. Бір ғана жолы қалады - ампутация. Соңғы екі күнде бұған қажеттілік болған жоқ», - деді дәрігер.

Оның сөзіне қарағанда, үсік шалған кезде, зақымданған жерді қармен, ылғал қолмен ысқылауға болмайды. Үсік шалған аяқты, қолды ыстық суға салу да қауіпті. Ол терінің некрозына әкеп соқтыруы мүмкін.

М. Оспанов әдетте тұрғылықты мекені жоқ, мас адамдар үсік шалды деп жиі дәрігерге жүгінетінін жеткізді. Арақ ішкен адам көбінесе үсік шалғанын сезбей жүре береді.

Бұған дейін Петропавлда полицейлер аязды күндері үйсіз-күйсіз адамдарды арнайы баспаналарға әкетіп жатқаны хабарланған болатын.

Авторы: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар