Петропавлда екі ер адам бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда үйлерінен белгісіз жаққа шығып кетіп, қайта оралмаған 59 және 34 жастағы екі ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының 59 жастағы тұрғыны Рифкат Леонидович Алимов 9 күннен бері табылмай жатыр. Ол үйінен кетіп, қайтып оралмаған.

Туған-туыстарының айтуынша, бойы шамамен 175 см, ақ шашты, сақалы бар. Көк көзді, сол жақ бетінде тыртығы бар. Оң жақ қолында шынтағына дейін күйіктің орны қалған.

Сол күні басында қара бас киім, үстінде қара түсті пиджак, сұр футболка, көк джинсы шалбар болған.

Сол күні қалалық полицияға Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны Юрий Викторович Молчановтың жоғалғаны туралы арыз түсті.

Жігіттің бойы шамамен 170 см, шашы қара-сұр келген, көк көзді, қыр мұрынды. Үстінде көк қысқа шалбар, қою көк түсті футболка және ақ кроссовки болған.

«Жоғалғандар тек Петропавлда ғана емес, облыстың жақын маңдағы аудандарында да іздестіріліп жатыр. Полицейлерден басқа волонтерлер, қоғам белсенділері жұмылдырылды. Ер адамдарды тануға көмектесетін бағдарлар полицияның барлық бөлімшелеріне жөнелтілді, сондай-ақ әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл адамдар жайлы көрген-білгендер болса 8-(7152) 49-39-49, 49-30-74, 8-747-559-70-71 нөмірлеріне немесе «102» нөміріне хабарласуға болады», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Жалпы жыл басынан СҚО ПД адамдардың хабарсыз кетуіне байланысты 275 арыз түсті, олардың 270-і табылды.


Соңғы жаңалықтар