Петропавлда допты хоккейден ҚР кубогы өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында допты хоккейден атақты бапкер Қазбек Байболовты еске алуға арналған ҚР кубогы жарысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, дәстүрлі турнирге Астана қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан бес команда қатысып, 100-ге тарта хоккейші өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысында «Ақжайық» допты хоккей клубының жігіттері жеңімпаз атанды. Ақтөбеліктер екінші, шығысқазақстандықтар үшінші орынға ие болды.

null«Ақжайық» спорт клубы директорының міндетін атқарушы Армат Меңдешевтің айтуынша, батысқазақстандықтардың капитаны Максим Өтебалиев үздік ойыншы атанды.

Айта кетейік, Петропавл қаласында туып-өскен атақты хоккейші әрі Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Байболов кезінде Эдуард Айрихпен бірге Алматының «Динамо» командасын баптап, одақтың жеңімпазы атанып қана қоймай, Еуропа чемпиондарының кубогын да жеңіп алғаны белгілі.null

Қазіргі кезде Қазақстандағы жалғыз кәсіби клуб - Оралдың «Ақжайығы» жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың екінші тобында сынға түсіп келеді. Бұған дейінгі сырт айдындағы алты кездесуінде ұтылып қалған батысқазақстандықтар келесі ойындарын 23-24 желтоқсанда Оралда «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командасымен өткізеді.

Алдағы жылы допты хоккейден Қазақстан құрамасы Ресейдің Красноярск қаласында өтетін ХХІХ Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысады. Оған тастүйін дайындықпен бару үшін мұндай жарыстардың маңызы зор.

Соңғы жаңалықтар