Петропавлда дауыл салдарынан саяжайдағы өртті сөндіру мүмкін болмай отыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл маңындағы «Ракета» саяжай кооперативі өртеніп жатыр, алайда дауыл өрт сөндірушілерге жалынды ауыздықтауға мүмкіндік берер емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, саяжай кооперативінде кепкен шөптің жанып жатқандығы жайында хабар арнайы қызметке түскі 13:14 мин кеп түскен. Оқыс оқиға орнына Петропавлдағы № 2 және № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылды.

Мамандардың айтуынша, өртті сөндіруде дауыл кедергі келтіруде. Желдің күші - секундына 21 метр. Сағат 14:05-те шақыртудың үшінші нөмірі жарияланды. Төтенше оқиға орнына Петропавл қаласы өртке қарсы қызметі гарнизонының барлық күші жіберілді. Қазір 13 техника жұмыс істеп жатыр.

«Өрт салдарынан 5 саяжай учаскесі жанып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар