Петропавлда цифрлық ХҚО ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда цифрлық ХҚО ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ХҚО-ның басты міндеті - халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Қала тұрғындары қызметтерді өздігінен электрондық үкімет порталы арқылы немесе фронт-кеңсе кеңесшісіне көмекке жүгіну арқылы ала алады.

ХҚО-да күту залы, led-экрандар, «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторы бар.

«Дәстүрлі құжат қабылдау болмайды. Цифрлық ХҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңсесі болады. Мұнда өңір тұрғындары электрондық мемлекеттік қызметтерді операторлардың қатысуынсыз өздіктерінен алатын болады», - деді баспасөз қызметінен.

Департаментте «Digital agent» ұялы қосымшасының іске қосылғанын айтты. Ол мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын 5 балдық жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар