Петропавлда бүгіннен бастап көпқабатты үйлерге жылу берілмейді

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 16 сәуірден бастап жылыту маусымы аяқталды, нысандар жылудан кезең-кезеңімен ажыратылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Петропавл әкімі Болат Жұмабеков әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

«Бүгін жылыту маусымын аяқтау туралы қаулыға қол қойдым. Ажырату процесі 8-10 күнге созылады. Ең соңында мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылудан ажыратылады», - деді қала әкімі.

Тұрғындар бұл шешімге қолдау білдіріп жатыр.

Олардың пікірінше, жылыту маусымын аяқтау арқылы Петропавлдағы жылу-электр орталығында жөндеу жұмыстарын ертерек бастауға мүмкіндік болады.

Өйткені биыл жылыту орталығында бірнеше рет апат болып, петропавлдықтар қыста жылусыз отырған еді.

Соңғы рет кәсіпорынның түтін мұржасы құлағанда бір жұмысшы үйінді астында қалып қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар