Петропавлда бораннан кейін 100-ге жуық коммуналдық техника көшеге шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бораннан кейін көшелерді қар басып, 100-ге жуық техника қар тазалауға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қысқы маусымда Петропавл көшелерін қалыпты ұстау мақсатында 14 коммуналдық кәсіпорынмен келісім шарт жасалған. Олар негізінен түнгі сағат 22.00-ден бастап таңғы сағат 5-6-ға дейін жұмыс істейді. Ал боранды күндері жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіліп, олар күндіз де көшелерді қардан тазартуға шығады. Қажет болған жағдайда қар күреп, шығаруға 250-ге дейін коммуналдық техниканы жұмылдыруға мүмкіндіктері бар.


«Екі күннен бері Петропавлда боран. Осыған байланысты күнделікті қаланы қардан тазалауға 100-ге жақын техника шығады. Бізде облыс орталығы 10 аумаққа бөлінген. Әр мекеменің өзіне бөлінген көшелері бар, олар соны тазартып шығарады. Бұдан басқа көшелерге құм мен тұз себу жұмыстары жүргізіледі», - дейді Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Жалпы қыс басталғалы Петропавл көшелерінен 35 мың текше метр қар сыртқа шығарылған.


Соңғы жаңалықтар