Петропавлда бокста тұрған көлік өртеніп, бір адам ауруханаға түсті

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда өндірістік кооперативтің боксында тұрған жеңіл көлікте өрт шығып, ер адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 желтоқсан күні сағат 20.36-да «101» телефон нөміріне өрт жайында хабарлама түскен. Хабарласқан адам Петропавлдағы Рыжов, 134 мекенжайында орналасқан өндірістік кооператив боксында тұрған Ауди-80 маркалы жеңіл көліктің жанып жатқанын айтқан.

Өрт сөндірушілер № 2 шақырту бойынша көтеріліп, бірден оқиға орнына жеткен. Мамандар келген кезде нысанда тұрған көлік жалындап жанып жатқан.

Өрт салдарынан 62 жастағы ер адам 1-2 дәрежелі күйік жарақатын алды. Зардап шегушінің қолы, бетінің 5 % күйген. Ол жедел жәрдем қызметімен Петропавлдағы 3-қалалық ауруханаға, жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жеткізіліп, жатқызылды. Жағдайы – орташа.

Оқиға орнында Петропавлдағы өрт бөлімшелерінің 7 арнайы техникасы, жеке құрамнан 20 адам жұмыс істеді. Жеңіл көлік толық жанып кетті. Ал нысанды мамандар сақтап қала алды. Сағат 21.06-да өрт толық сөндірілді.

Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына машинаның қозғалтқыш бөлігінде болған қысқа тұйықталу себеп. Шығын мөлшері анықталатын болады.



Соңғы жаңалықтар