Петропавлда биыл бірнеше маңызды нысан пайдалануға беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдың бірқатар құрылыс нысандарын аралап, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жас Өркен» ықшам ауданында құрылыс қарқын алып, жаңа үйлер, әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Қазір 500 орындық жаңа қазақ театрының құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша мәдениет орны 2020 жылдың тамыз айына дейін салынып бітуі тиіс. Құмар Ақсақалов мектеп салынатын құрылыс алаңына да барды.null

«Қазір облыста мектептерге сұраныс жоғары. 2017 жылы 1-сыныпқа 7600 бала барса, былтыр 9000 оқушы мектеп табалдырығын аттады. Қазір қалада 1500 орынға шақталған екі мектеп салынуда. Биыл Уәлиханов көшесінде тағы 900 орындық мектептің құрылысы басталмақ», - деді аймақ басшысы.

«Dostyk Mall» сауда, ойын-сауық кешені Петропавлға көрік бермек. Жалпы аумағы 27 мың шаршы метр. Орталықтың қаржылық директоры Руслан Әубәкіровтің сөзіне қарағанда, бір уақытта ішіне 15 мың адам сияды. 11 бутикте түрлі елдің асханасы болады. Әлемге танымал Бургер Кинг және Нейтанс фуд корт саласының компаниялары кірмек.

Облыс әкіміне Ойқала ауданындағы Потанин көшесін қалпына келтіру бойынша презентация жасалды. Бұл ауданды аспан астындағы мұражай қылып жасау идеясы бар.

«Бізге өңіріміздің тарихын дәріптеп, дамыту керек. Ойқала ауданында аспан астындағы мұражай салу ойымыз бар. Потанин көшесін мұражайға айналдырамыз. Бұл жерде тарихи стильде үйлер, қоршаулар, шамдар болады. Кіші сәулеттік формаларды қоямыз», - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі апатты үйлердің де тұрғындарымен кездесті. Петропавлда көп жылдар бойы апатты үйлердің мәселесі шешілмей келді. Былтыр ескі 3 үй бұзылды. Биыл тағы 4 апатты үй алынады. 14 жеке үй құлатылады. Тұрғындар баспанаға ие болады.

«Қазір Петропавлда 17 апатты үй бар. Бұл сұрақты біртіндеп шешеміз. Келесі жылға 5 үйді бұзуды жоспарға енгіземіз. Бұл жерде екі көпқабатты үй тұрғызамыз.Осылайша біз ескі үйлерді сүріп тастап, қалалықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартамыз, ескі үйлердің орнына жаңа көпқабатты баспана тұрғызамыз. Бір сөзбен айтқанда, қаланың көркін өзгертіп жатырмыз», - деді Құмар Ақсақалов.

null

Соңғы жаңалықтар