USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Петропавлда биыл 60 аула жөнге келтіріліп, асфальт төселеді

2021 жылғы 8 маусым 22:24
Бөлісіңіз:
Петропавлда биыл 60 аула жөнге келтіріліп, асфальт төселеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда биыл 650 млн теңгеге 60 аула жөнге келтірілмек. Асфальт төселіп, балалардың ойын алаңдары салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда – Жезқазған жолы қашан жөнделеді

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтың айтуынша, биыл жалпы ауданы 84 мың шаршы метр болатын 60 аулаға асфальт төселеді. Бұл мақсатқа бюджеттен 650 млн теңге бөлінген.

«Петропавлда 586 аула бар. Соңғы 4 жылдың ішінде 436 ауланы жөнге келтірдік. Әлі 150-іне асфальт төсеу қажет.

Былтыр 621 млн теңгеге 95 ауланы дұрыстадық. Биыл кезекте 60 аула тұр. Тұрғындар қай ауланың жөнделетінін қалалық әкімдіктің ресми сайтынан көре алады. Ол жерде 128 аула кезекке қойылып, тізімі жасалды», - дейді қала әкімі.

Алдағы үш айда 60 аулаға балалардың ойын алаңдары орнатылмақ. Былтыр бұл жұмыстарға 144 млн теңге жұмсалып, 5 мың тұрғыны бар 58 аулада ойын алаңдары пайда болды.

«Былтыр қала тұрғындарының демалыс орындарын жөнге келтіруге басымдық берілді. 689 млн теңгеге 8 саябақ салынып, көгалдандырылды. Биыл Брусиловский көшесін абаттандыру жұмыстары жалғастырылады.

Уәлиханов, Жұмабаев, Горький көшелерінің жолдары жөнделеді. Крепостная, Алтынсарин және Громова көшелерінде жаңадан жол салынады. 138 көшеге қиыршық тас төселеді», - дейді Болат Жұмабеков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT