USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Петропавлда бірнеше велосипед ұрлаған адам ұсталды

2015 жылғы 8 шілде 15:32
Бөлісіңіз:
Петропавлда бірнеше велосипед ұрлаған адам ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда полицейлер жедел-іздестіру шаралары кезінде Петропавл тұрғынынан 15 велосипед пен скутер тәркіледі.

Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Азаматтар көшеде тұрған адамнан велосипедтерді едәуір арзан бағаға сатып алған. Кейін белгілі болғанда, ол бұл қымбат көлік құралдарын көп қабатты үйдердің аулалары мен подъездерінен ұрлаған. Қалалық ІІБ жедел қызметкерлері ұрлық жасаған 35 жастағы азаматты ұстады», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.

Ұсталған азамат 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал арзан тауар сатып алғандарға ақшасын қайтаруы екіталай.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT