USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Петропавлда бір жыл туыстарына хабар бермеген ер адамға іздеу жарияланды

2021 жылғы 8 қазан 11:20
Бөлісіңіз:
Петропавлда бір жыл туыстарына хабар бермеген ер адамға іздеу жарияланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда екі аптадан бері 48 жастағы ер адам табылмай жатыр. Одан туыстарының хабар үзгеніне 1 жыл болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да соңғы екі аптада КВИ жұқтыру 6,7 есе артқан СҚО-да тыңайтқыш қолданылатын алқап көлемі ұлғайтылады СҚО-да екі күні ішінде 165 адам полицейлердің есебіне алынды

Волонтерлер шамамен екі апта бұрын әлеуметтік желіде Александр Сергеевич Смирновқа іздеу жариялады. Алайда ер адам әлі күнге табылмай жатыр. Петропавлдықты іздеп, волонтерлерге оның туысы Галина Зенюк хабарласқан екен. Айтуынша, ол былтыр қазан айында қайырымдылық үйінен шығып, белгісіз жаққа кеткен. Содан бері хабар үзіліпті.

Александр Смирнов 1973 жылы туған. Бойы 180 см, сұр көзді, қысқа ақ шашты. Маңдайында тыртығы бар. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы мүмкін.

Сондай-ақ 1983 жылы туған Анна Пантюховаға да іздеу жарияланды. Ол 2 қазан күні сағат 9.30-да Петропавлдағы Жұмысшы кенті, Клара Цеткин көшесіндегі үйінен шығып кеткен.

Бойы 158 см, қара шашты, сұр көзді, сол жақ қабағында тыртығы бар. Сол күні үстінде қара күртеше, қара шалбар, қара резеңке етік, қолында қоңыр әйелдер сөмкесі болған.

Іздеу жарияланған адамдар жайында қандай да бір мәлімет болып жатса 8 777 307 99 65, 7 926 626 64 33 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT