Петропавлда бір ұйымның екі ғимараты өртенді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда бір компанияның екі нысанынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кешкісін бройлерлік фабрика цехтарының бірінің шатыры өртенген.

Өртті 23:44-те ауыздықтап, келесі тәулікте 00:25-те толықтай сөндірген.

Цехтың шатыры мен нысанның бірнеше қосалқы үй-жайындағы мүліктер зақымданған.

Өрт сөндірушілер 36 тонна өнім сақталып тұрған қойма өртінің алдын алды. 2 салқындатқыш қондырғы мен компрессорды құтқарған.

«Келесі күні қаланың басқа бөлігінде орналасқан осы заңды тұлғаға тиесілі құс күркесі жанып кеткен. Өрт сөндіруге жеке құрамның 18 адамы мен 7 арнайы техника тартылды. Өрт шатырдың 20 шаршы метр ағаш торын ғана зақымдаған», - деді баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі мен залалы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар