Петропавлда бір күнде жоғалған ер мен әйел адамға іздеу жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бір күнде жоғалған 39 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. Олардан тоғыз күннен бері хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның волонтерлері әлеуметтік желіде Петропавлдың екі тұрғынына іздеу жариялады.

1981 жылы туған Ирина Швецова 17 тамыз күні Ленинград көшесіндегі үйінен шығып, белгісіз жаққа кеткен. Бағытынан адасып кетуі де мүмкін.

Әйелдің бойы 170 см шамасында, қой көзді, сары шашты, соқыр ішекке жасаған отаның орны бар.

Сол күні үстінде жасыл түсті футболка, сұр түсті джинсы шалбар, джинсы желетке, қолында үлкен ақ түсті сөмке болған.

1986 жылы туған Сергей Ясимчик те 17 тамыздан бері хабар-ошарсыз. Ол Петропавлдың Хром зауыты ауданында тұрады.

Бойы 180 см, денелі, қой көзді, қысқа шашты, мұрнының үстінде тыртығы бар.

Жоғалған күні үстінде сұр түсті шалбар, жолбарыстың суреті бар көк күрте және сол түстес кроссовки, қолында қара-қызғылт иыққап болған.

Іздеу жарияланғандар туралы қандай да бір мәліметті 8 777 608 88 49, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарлауға болады.


Соңғы жаңалықтар