+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Петропавлда бір ай бұрын жоғалған адам банк картасының көмегімен табылды

2021 жылғы 30 шілде 15:37
Бөлісіңіз:
Петропавлда бір ай бұрын жоғалған адам банк картасының көмегімен табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 1 шілдеден бастап хабарсыз кеткен 41 жастағы ер адамның жүрген жері банк картасының көмегімен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жағымсыз иіспен күресу үшін биотоғанға 4 мың тонна балдыр салынды СҚО-да 35 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр Қарағанды полицейлері 10 күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкердің көлігін ғана тапты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Жұмысшы кентінің 41 жастағы тұрғыны жоғалғандығы жөнінде оның әйелі полицияға арызданған. Ер адам 1 шілде күні үйінен кетіп, телефонға жауап бермеген.

Криминалды полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын бастап, ер адамның таныстарымен, әріптестерімен, көршілерімен сөйлесті. Волонтерлер де көмекке келіп, петропавлдықтың мәліметі әлеуметтік желіде жарияланды.

Сол екі арада «102» каналына жоғалған ер адамның банк картасы арқылы Петропавлдағы азық-түлік дүкендерінің бірінде әйелдің есеп айырыспақ болғаны жөнінде хабарлама түседі. Осы арқылы тәртіп сақшылары ер адамды аман-есен тауып алды.

Полицейлердің айтуынша, ер адам бір ай бойы қалада және қала маңындағы ауылда таныстарында болған. Туыстары телефон шалғанда жауап бермеген. Қазір ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді, оның үйден кетуінің мән-жайы анықталып жатыр және мұндай жағдай қайталанбауы үшін профилактикалық әңгіме жүргізілмек.

Жалпы СҚО полицейлері жыл басынан жоғалған 220 адамды іздеді. Олардың 219-ы бір күн ішінде табылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT