Петропавлда бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы бес қабатты үйлердің бірінің шатыры ішінара опырылып түсті, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше, 11 ақпан күні сағат кешкі 18.10 минут шамасында болған. Дағдарыс жағдайлар басқармасына Интернационал көшесі, 2 мекенжайындағы 5 қабатты үйдің шатырының ішінара опырылып құлағандығы туралы хабар түскен.

Бірден апат болған жерге облыстық ТЖД, Петропавл қалалық әкімдігінің өкілдері жетті. Мамандардың айтуынша, көп қабатты үйдің шифермен жабылған шатырының 24 шаршы метріне зақым келген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Бес қабатты үй 1968 жылы салынған, 120 пәтерлі. Алдын ала болжам бойынша, шатырдың ағаш конструкциясы шіріген немесе жауған қарды көтере алмай опырылып кеткен.

Еске сала кетсек , былтыр наурызда Петропавлдағы Болатбаев көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінің шатыры қалың қарды көтере алмай ортасына түскен еді.



Соңғы жаңалықтар