+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Петропавлда бес қабатты үйдегі өрттен бір әйел адам қаза тапты

2019 жылғы 25 қараша 10:36
Бөлісіңіз:
Петропавлда бес қабатты үйдегі өрттен бір әйел адам қаза тапты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Құтқарушылар келмей тұрып, куәгерлер өртенген пәтерден 57 жастағы ер адамды алып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖК-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда демалыс орындарының бірінде мейрамхана өртенді АҚШ-та газ өндіру зауыты өртеніп жатыр Елордадағы ашық аумақта құрылыс материалдары өртенді

«24 қараша күні сағат 23.14 кезінде Петропавл қаласының «101» нөміріне Назарбаев көшесіндегі бес қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар келді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің екінші қабатындағы пәтер жанып жатқан. Өрт сөндірушілердің жедел қимылының арқасында 25 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - деп хабарлайды департаменттен.

Сонымен бірге, автобаспалдақтың көмегімен үшінші қабаттан тағы екі бала құтқарылған.

«Өрт сөндірушілер сағат 23.53-те 25 шаршы метр аумақты шарпыған жалын ауыздықталды. Өрт сөндіру қызметі келмей тұрып, куәгерлер 1962 жылғы үй иесін құтқарып алды. Ол ыс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Өрт шыққан пәтерден 1974 жылғы әйелдің денесі табылды», - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, үй иесі мен оның зәйелі ішімдікке құмар болған. Әзірге тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT