Петропавлда бес қабатты үй өртеніп, 75 адам құтқарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 25 адамды құтқаруға және 50 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне сағат 11.04-те Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 225 мекенжайындағы бес қабатты үйде өрт шыққандығы жөнінде хабар түседі.

Оқиға орнына жеткен мамандар жалынның бірінші қабаттағы пәтерден шыққанын анықтаған. Үй көк түтінге оранып үлгеріпті.

Өрт сөндірушілер бірден тұрғындарды құтқаруға кірісті. 25 адамды автосатының көмегімен шығарған мамандар, тағы 50 адамды баспалдақпен қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өртті сөндіруге 8 арнайы техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 11.57-де өрт толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, алайда құтқарылған бірнеше тұрғынға ТЖД психологтарының көмегі қажет болды.


Соңғы жаңалықтар