+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Петропавлда белсенділер Есіл жағалауынан 60 қап қоқысты шығарды

2019 жылғы 13 қыркүйек 01:26
Бөлісіңіз:
Петропавлда белсенділер Есіл жағалауынан 60 қап қоқысты шығарды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда ЭкоFest өтіп, Есіл өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Тазалық марафонының өтуіне Петропавлдағы Жастар ресурстық орталығы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті ұйытқы болды. Жауын-шашынға қарамастан жастар қолдарына қаптарын алып, 20 ықшам аудандағы Есіл өзенінің жағалауын жинауға шықты.

«Бүгін Адалдық және превенция басқармасы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және адалдық принциптерін ұстануда бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Басқаның еңбегін құрметтеу де әдептілік, өнегелілікке жатады. Апта сайын сенбіліктерде тонналап қоқыс жиналады. Ал ол қоқыс қайдан келеді? Бұл адамгершілігі төмен адамдардың ісі дер едім», - деді Адалдық және превенция басқармасының жетекшісі Дамир Хабибулин.


Фестиваль «Қаланы бірге тазартамыз!» ұранымен өтті. Акцияға қатысушылар командаларға бөлінді. Бизнес өкілдері де шарадан шет қалмады.

«Бұл шара жастарды сенбі күні өз аулаларын қоқыстан тазартуға ынталандырады деп ойлаймын. Ал біздің шикізат қабылдайтын орындарымыз қоқыс үшін ақша төлеуге әзір», - дейді «LS Petropavlovsk» ЖШС директорының орынбасары Виктория Редькина.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, бұл күні ең көп қоқыс жинаған командаға боулинг орталыққа сертификат берілді. Жалпы белсенділер ЭкоFest барысында Есіл жағалауынан 60 қап немесе 260 келі қоқыс шығарды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT