Петропавлда белгісіз біреулер 3 жасөспірімді соққыға жыққан

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Петропавлда 16 жастағы 3 жасөспірімді белгісіз біреулер соққыға жықты. Күдіктілердің бірі қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«7 мамыр күні сағат 00:58-де Петропавл полициясына Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Белгісіз адамдардың жанжалы кезінде 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақаты салынған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді»,-делінген хабарламада.

Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар