Петропавлда белгілі қазақстандық спортшы Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш өтті

None
None
ТРОПАВЛ. 28 шілде. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда белгілі қазақстандық велошабандоз, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, халықаралық санаттағы спорт шебері Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш болып өтті.

Солтүстікқазақстандықтар өз жерлестерін мақтан тұтады.

Спортшының жақында «Тур де Франс» әлемдік ірі веложарысында қатты жарақат алғаны, оның үлкен спорттағы мансабын тоқтатандығы туралы хабар көпшіліктің көңіліне қаяу түсіріп, спорт сүйер қауым мен велошабандоздар Александр Винокуровты қолдау мақсатында веломарш ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған.

Веломарш Петропавлдың Орталық алаңындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің ескерткіші жанынан басталып, облыс орталығының үлкен көшелерімен өтті. Іс-шараға 150-ден астам кәсіпқой спортшылар мен спорт әуесқойлары қатысты.

Веломарш спортшының туған жері Қызылжар ауданының орталығы Бешкөлде мәресіне жетті.

Соңғы жаңалықтар