Петропавлда бас қала - Нұр-Сұлтанның құрметіне ауқымды шара өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда астананың жаңа Нұр-Сұлтан атауын қолдау мақсатында концерттік бағдарлама өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласының таңдаулы өнер ұжымдары облыс орталығының бас алаңында концерт қойды. Оған елорданың Нұр-Сұлтан аталуын қолдаған солтүстіқазақстандықтар - ардагерлер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, спортшылар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары жиналды.

«Қазақстан астанасы - Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі, жемісі дер едім. Ол барлық әлемге туған халқы қолдаған Ұлы адамның қандай ұлы істерге қабілетті екендігін көрсетті. Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тәуелсіздігінің бастауында тұрды. Мемлекеттің қалыптасуына орасан еңбегі сіңді. Басқа елдердің қызығушылығын тудырған, республикадағы ұлттардың басын біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясын - бірегей институтты құрып, нәтижесінде ел аумағында бір де бір этносаралық жанжал болған жоқ. Бүгінде Қазақстан әлем картасында тұрақтылықтың «аралына» айналған. Мұның бәрі - біздің Тұңғыш Президентіміздің көреген саясатының жемісі», - дейді шараға келген «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы, Петропавл қалалық 21-орта мектептің директоры Наиль Салимов.

null

Наиль Камильевичтің пікірінше, біз қазір тарихи кезеңде, үлкен өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз.

«Біздің Елбасымызға қандай құрмет көрсетсек те лайық деп ойлаймын. Ал Астана оның төл баласы іспеттес. Шағын ғана қаладан әлем таныған Астананы жасады. Сондықтан бұл шешімді қолдаймын», - дейді Наиль Салимов.

null

Астана атауын өзгерту ұсынысын СҚО бойынша «Жас Отан» партиясы жастар қанатының өкілдері де қолдауда. Партияның жастар қанатының төрағасы Абылайхан Қайроллаевтің айтуынша, Астана мәдениет, спорт және басқа салаларда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында танымал брендке айналды.

«Елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгерту нәтижесінде еліміздің танымалдығы одан сайын арта түседі деп есептеймін. Өйткені, біздің Елбасы - әлем таныған, құрметтейтін саясаткер. Бұл елдің дамуына тағы бір түрткі болмақ», - дейді Абылайхан Қайроллаев.

Мерекелік концерт барысында викторина ойнатылып, шараға қатысушылар салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар