Петропавлда балаларға арналған аутизм орталығы ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көпшіліктің сұрауымен аутизм дерті бар балаларға арналған орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңір басшысының есептік кездесуінде ата-аналар аутизм орталығын ашуды сұраған болатын. Жергілікті билік бұл мәселенің шешілуіне баса мән берді. Бүгін Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қорының қолдауымен Петропавлда аутизм орталығы ашылды.

«Бұл орталықты ата-аналар мен балалар асыға күтті. Қарашада барокамера алынады. Бұл қондырғы балаларға өте қажет. Енді басқа өңірлерге барудың қажеті жоқ», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов орталықтың ашылу салтанатында.

Орталықта балаларға барлық жағдай жасалған, инновациялық әдістер қолданылады, білікті мамандар жұмыс істейді. Мұнда балаларға диагностика жасалады, кешенді оңалтудан және әлеуметтік бейімделуден өтеді.

Петропавлда қазір аутист балалармен жұмыс істейтін 3 инклюзивті кабинет бар, жыл соңына дейін әр ауданда ашылады. Биыл 200 мұғалім арнайы дайындықтан өтті. Бұның барлығы балаларды өмірге бейімдеп, еліміздің толыққанды азаматтарын қалыптастыруға септігін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар