Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып, мерт қылды

2018 жылғы 22 қараша 14:49 328
Бөлісіңіз:
Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып, мерт қылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда зілтемірді шалқалай жатып көтеру (классикалық түрі) спортынан Азия чемпионы Виктория Шестопалова қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин жазды.

«Облыстық барлық спорт қауымдастықтары керемет жас спортшы - өңір мен ел мақтанышының қаза табуына байланысты қайғырып, көңіл айтады» - деп жазды Р.Есеналин.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы бойжеткеннің жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын растады.

«21 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Петропавлда Жабаев-Чайковский көшелерінің қиылысында маршруттық автобус жүргізушісі 23 жастағы қала тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен алған жарақаты салдарынан қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

«Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT