Петропавлда әйел жүк көлігіне соғылып көз жұмды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан әйелді жүк көлігі соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Петропавлда 25 қыркүйек күні сағат 15.20 минут кеткенде болған. Жұмысшы кентіндегі Украин көшесінде жаяу жүргінші жолында ЗИЛ автокөлігінің жүргізушісі облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын соқты. Әйел алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар