Петропавлда аялдаманың әйнегін сындырған бұзақы бес тәулікке қамалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бұзақылық жасаған 23 жастағы тұрғынға әкімшілік жаза кесіліп, 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғыны бірер апта бұрын Н.Назарбаев көшесіндегі №110 үйдің қасындағы аялдама павильонын сындырғаны үшін ұсталған. Бұзақылық жасаған кезде жігіт мас болған. Осы дерекке қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік материал жинап, істі сотқа жіберді. Қала тұрғынына «ұсақ бұзақылық жасады» деген айып тағылып, әкімшілік шара қолданылды. Сондай-ақ ол келтірген шығынның орнын толтырады.
Жалпы жыл басынан Петропавл қаласында бұзақылар 13 аялдама павильонын сындырған. Осыған орай полицейлер мұның әкімшілік заң бұзушылық екенін ескертіп, жаза қарастырылғанын айтады. Яғни 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Облыс орталығында 4 адам жауапқа тартылды.
- Қазақстанның әуе компаниялары 10 айда 7,1 млн жолаушы тасымалдаған
- Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнар Каримоваға қарсы жаңа іс қозғады
- «Шұғыла», «Мұра» журналы Манасқа келді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
- СҚО-да жолдардың бойында 300-ден астам жылынатын орындар бар
-
СҚО-да ауыл кәсіпкерлері учаскелік полицейге қызметтік баспана салуда
-
Қазақстан гендерлік даму индексі бойынша 58-орында тұр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам