+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Петропавлда аялдаманың әйнегін шаққан екі мас бойжеткен ұсталды

2021 жылғы 1 қыркүйек 20:21
Бөлісіңіз:
Петропавлда аялдаманың әйнегін шаққан екі мас бойжеткен ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда екі бойжеткен спирттік ішімдік ішіп, көшедегі аялдаманың әйнегін шағып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да екі аптада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе артты СҚО-да шектеулер тағы да қатаңдатылды Петропавлда биыл 122 сотталған өтемақы қорына 6 млн теңгеге жуық мәжбүрлі төлем жасауы тиіс

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында Петропавл тұрғыны полицияға хабарласып, құрылыс-экономикалық колледждің маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан.

Оқиға орнына жеткен полиция наряды бұзақыларды сол жерде ұстады. Аялдаманың әйнегін шаққандар облыс орталығының тұрғындары - 20 жастағы екі бойжеткен екен. Екеуі де мас болған.

Айтуларынша, екеуінің біреуі осылайша бар ашуын аялдамадан алмақ болыпты.

Осы оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 434-бап - «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналды. Іс сотқа беріледі.

Бұл бап бойынша 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT