Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл – қалалық әкімдіктің бастамасы.
«Бейнекамераларды орнатудағы басты себеп – бұзақылықтың алдын алу. Осылайша жерге қоқыс тастағандарды, аялдама павильонын сындырғандарды анықтаймыз. Бейнебақылау камералары IKOMEK -109 жедел әрекет ету орталығымен байланыстырылған», - дейді баспасөз хатшысы Руфия Мұстафина.
Өткен аптада облыс орталығының Новопавловка кентінде үш жігіт әйнектен жасалған аялдаманы қиратқан. Бұл аялдама павильондарының әрқайсы 400 мың теңге шамасында тұрады. Бұзақылар бейнекамералардың көмегімен анықталды.
- СҚО-да 7 мыңнан астам адам мерекеге орай бір реттік әлеуметтік көмек алады
- СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
- Маңғыстау мешіттерінде жұма намазын оқуға рұқсат берілді
- Көктем-2021: Түркістан облысында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр
-
Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өңір тұрғындарына үндеу жолдады
-
Қостанайда боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген полицей марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам