Петропавлда автокөлік шұңқырға түсіп кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жеңіл автокөлік абайсызда коммуналдық қызметтің қазған орына құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 3 қарашаға қараған түні Петропавлда М.Жұмабаев пен С.Мұқанов көшелерінің қиылысында болған.

«ВАЗ 2112» автокөлігін мінген жүргізуші қараңғыда коммуналдық қызметтің қазған орын байқамай, абайсызда құлап кеткен.

Бұл жайында көлік жүргізушісі полицияға хабар бермеген, көлігін тастап оқиға орнынан кетіп қалған. Петропавл қалалық Полиция басқармасы жол полициясы батальонының қызметкерлері жүргізушіні анықтады.

Ол облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қозғау үшін материал жиналып жатыр.


Соңғы жаңалықтар