Петропавлда автокөлік аударылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Кошуков көшесінде автомобиль аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аквапарктің маңында аударылған көліктің суреті әлеуметтік желіге лезде тарап кетті. Оқиғаны СҚО ІІД баспасөз қызметі түсіндірді.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасын 46 жастағы Петропавл тұрғыны жасаған.

«Ол VoIkswagen Passat көлігін жүргізіп келе жатып, рульге ие бола алмай, аударылып қалған. Жүргізушінің айтуынша, ол ішімдік ішіп, оның туысына тиесілі көлікті тізгіндеген. Ол биыл қаңтарда соттың шешімімен 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын», - делінген хабарламада.

Жүргізуші медициналық тексеруден өту үшін Петропавлдағы облыстық наркология орталығына жеткізілді.

Оқиға орнына көліктің иесі келді. Автомобиль эвакуаторға тиеліп, айыппұл тұрағына жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар