Петропавлда автобус 16 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қоғамдық автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Осы сәтте қасында өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркеу құралына түсіп қалған кадрларда адамдардың жолдан өтіп бара жатқаны, сол кезде оларға қарай автобустың жүріп келе жатқаны көрініп тұр. Видео әлеуметтік желіге тараған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінде Мира-Я.Гашек көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апатының фактісін растады.

«№ 25М бағдарлы автобусының жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамы жатып тұрған сәтте өтіп, 16 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының фактісі Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Дене жарақаттарын алған жаяу жүргінші облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар