Петропавлда әскери институттың үздік ұстаздары марапатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының бір топ ұстазы марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қ.Тоқаевтың жолдауын жүзеге асырып, ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасына сай ұстаздар мәртебесін арттыру мақсатында әскери институтта үздік оқытушыны анықтау мақсатында конкурс өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жоғры оқу орнында жүзден астам ұстаз еңбек етеді. Мереке қарсаңында үздіктер 15 номинация бойынша марапатталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында тағы бір мәрте оқытушылардың жас буынды тәрбиелеудегі маңызды рөліне тоқталды. Ұстаздар қауымы еліміздің болашағын қалыптастырады. Жастардың жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті болып дамуына өз үлестерін қосады. Бүгін мереке қарсаңында ұстаздарымызды, соның ішінде байқауға қатысушылар мен байқаудың жеңімпаздарын – «Жыл оқытушысын» құттықтаймын. Сіздер болашақ офицерлерді дайындауда әлі де табысты еңбек етесіздер деп сенемін», - деді ҚР ҰҰ әскери институтының басшысы Бауыржан Әбжанов өз құттықтауында.

«Жылдың үздік оқытушысы» номинациясында жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Бақыт Қалиев үздік атанды. Мерекелік іс-шара барысында сондай-ақ «үздік лингвист», «жылдың үздік курсанты», «үздік кафедра», «үздік оқу батальоны» сияқты номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Петропавлдағы әскери институт 15 жылдың ішінде 19 рет түлек «ұшырып», 3500 әскери маман даярлап шығарды. 2009 жылдан бері келісім бойынша Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларына да офицер даярлап келеді.

Соңғы жаңалықтар